6 C
Shymkent
Қазан 26, 2020
Басты жаңалықтар Қоғам

«Самұрық-қазына» қоры бес нысанды Түркістан облысына тапсырды

Түркістандағы жаңа ғимарат

«Самұрық-Қазына» қоры әлеуметтік маңызы бар бес нысанды облыс әкімдігіне тегін тапсырды, деп хабарлайды Kazus.kz ақпараттық порталы.

Атап айтқанда: Х.А. Яссауи мұражайы, 7000 орындық стадион, оқушылар Сарайы, Конгресс-холл және «Қазпошта» АҚ облыстық бөлімшесінің ғимараты тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістандағы жаңа нысандардың құрылысы 2019 жылдың қазан айында Қор мен Түркістан облысы әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында басталған болатын.

Түркістанға тапсырылған әлеуметтік  бес  нысан – атқарылған жұмыс нәтижелерінің бірі болып табылады.

 «Жыл басынан бері біз әлеуметтік маңызы бар 6 нысанның құрылысына кірістік. Олардың біріншісі – амфитеатр жыл басында пайдалануға берілді, қалған бесеуін Түркістан облысының әкімдігіне төлеусіз тапсыруға дайынбыз. Құрылыс барысында әкімдік тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетілді», – деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде облыс әкімі өңірдің гүлденуіне қосқан үлесі үшін Қорға алғыс айтып, Түркістан өлкесінің дамуына қосқан үлесі туралы жаңа меморандумға қол қойды.

 «Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың Түркістанды жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында сіз басқарып отырған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры облыс орталығындағы әлеуметтік маңызы бар  бес нысанның құрылысын сәтті жүзеге асырды», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Сонымен қатар, Қор өңірде газдандыру, Электр энергетикасы, электрондық коммерция, пошта қызметтері, ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылым саласындағы бірқатар жобаларды іске асыруды жалғастыруда. Әлеуметтік саланы дамытуға және жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Қор Арыс қаласын қалпына келтіруге белсенді қатысты. Қор Арыс қаласында 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде 16 мектеп, 36 балабақша, 8 Денсаулық сақтау нысаны, 4 спорт нысаны, колледж, Теміржол вокзалы, Даңқ аллеясы мен орталық алаңды қалпына келтірді.

Ұқсас жаңалықтар

Balapan арнасының мультсериалдары Америка құрлығында көрсетілмек

admin

23 тамызда елорда автобустары уақытша қатынамайды

admin

ТҮРКІСТАН: Сарыағашта бүтін бір ауыл ауызсуға жарымай отыр

admin

Пікір қалдыру