4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Туризм

Самарқандта 2300 жылдық көне әскери бекініс табылды

Өзбекстанның Самарқанд облысында б.з.б. III-II ғасырларға жататын әскери бекініс табылды, деп жазады halyq-uni.kz.

Облыс әкімшілігінің хабарлауынша, Паст Даргом ауданына қарасты «Дослық» шағын ауданында орналасқан «Қойтепа» төбешік орнынан біздің заманымызға дейінгі III-II ғасырларға жататын әскери бекініс болған орын анықталды.

Қазір ол жерде итальяндық және өзбекстандық археологтар ғылыми экспедиция жүргізіп жатыр. Ғалымдар ғылыми зерттеу барысында қала қабырғалары, үлкен құмыра, көзе, шағын мүсінше, мөр сияқты бірегей заттар тапқан. Зерттеушілердің айтуынша, бұл тарихи нысан сыртқы жаулардан қорғайтын әскери бекініс болған.

фото: ашық дереккөз

Related posts

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАПТАЛДЫ

Admin

Қазақстандағы әуе компаниялардың қызметі 27 пайызға өсті

Admin