Нұр-Сұлтан қаласында 10 қаңтар күні қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды KAZUS.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Бұл күні қала ішінде қатынайтын автобустарда жол жүру тегін болады.
Автобустар, әдеттегідей таңғы сағат 6:00-ден сағат 23:00-ге дейін жүреді. 11 қаңтарда қоғамдық көлік жұмысын қалыпты режимде жалғастырады. Төлем қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады.
Айта кетсек, автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды.