-13 C
Shymkent
Ақпан 24, 2021
Әлемде

Президент отбасыларды 2 баладан артық тумауға шақырған

KAZUS.KZ. Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси азаматтарды бала тууды азайтуға және отбасында екі баладан артық болмасын деп шақырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Известия» және Al-Ahram арналарына сілтеме жасап.

Үкімет туудың жоғары деңгейі мемлекеттің өміріне теріс әсер етеді деп алаңдап отыр: азаматтар өмір сүру жағдайының жақсарғанын сезбейді.

«Отбасында екі баладан артық болса, өте маңызды мәселеге айналады. Мысыр үшін жыл сайын 400 мың адам өсімі оңтайлы (жыл сайын ел халқы 2,4 миллион адамға көбейеді – еск.)», – деді президент.

Қазір Мысырда 101 миллионнан аса адам тұрады. Бұл көрсеткіш бойынша ел араб мемлекеттерінің арасында бірінші болып тұр.

Ұқсас жаңалықтар

Лукашенко қандай жағдайда жаңа президент сайлауы өтетінін айтты

admin

Әзербайжанның Гянджа қаласына әуе соққысы жасалды

admin

Беларусь бірнеше елмен шекараны жапты

admin