9 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Басты жаңалықтар Қоғам

Праймеризде сүрінген танымал тұлғалар

жұлдыздар

Праймеризге еліміздегі белгілі өнер және спорт жұлдыздары да белсене қатысты. Қоғамда орны бар қайраткерлер де қатардан көрініп жатыр. Әлеуметтік желілерде миллиондаған оқырманы бар танымал жұлдыздар қанша дауыс жинады? Kazus.kz сараптап көрді.

Қабатов Тұрсынбек Амангелдіұлы

Елімізге белгілі әзіл-сықақшы. Оның әрбір әзілін ел сүйіп көреді. Инстаграм әлеуметтік желісінде 1,6 миллион оқырманы бар. Дегенмен, праймеризде жолы болмады. Жинаған дауыс саны – 243.

Ерманов Жүрсін Молдашұлы

Ақын, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы. Инстаграм әлеуметтік желісінде 56 мыңнан аса оқырманы бар. Праймеризде жинаған дауыс саны – 375.

Артаев Бахтияр Карипуллаевич

Қазақстандық боксшы, Афина олимпиадасының чемпионы. Инстаграм әлеуметтік желісінде 4,8 мың оқырманы бар. Праймеризде жинаған дауыс саны – 209.

Төребаев Мейіржан Мылтықбайұлы

Елімізге белгілі вайнер. Әр әзілі 400 мыңнан аса қаралым жинайды. Инстаграм әлеуметтік желісінде 2,5 миллионнан аса оқырманы бар. Праймеризде жинаған дауыс саны – 707.

Әбдімәлік Жансая Даниярқызы

Шахматшы. 14 жасында әйелдер арасындағы гроссмейстер атанған дарынды қыздың инстаграм әлеуметтік желісінде 21,6 мың оқырманы бар. Праймеризде жинаған дауыс саны – 969.

Ескендір Ибрагим Хашимұлы

Елімізге белгілі әнші. Инстаграм әлеуметтік желісінде 115 мың оқырманы бар. Праймеризде жинаған дауыс саны – 195.

Ошақбаева Құралай Серікқызы

Жеке кәсіпкер, тележүргізуші. Инстаграм әлеуметтік желісінде 1,1 миллион оқырманы бар. Праймеризде жинаған дауыс саны – 459.

Ұқсас жаңалықтар

Әлеуметтік желіде оқушы қыздардың төбелесі түсірілген видео тарады

admin

ТҮРКІСТАН: Кентау қаласында жыл соңына дейін 600 отбасы жаңа баспанаға ие болады

admin

Қоғам белсендісі хиджаптағы қыздың әрекетін сынап тастады

admin

Пікір қалдыру