9 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Басты жаңалықтар Білім/ғылым

Оқушылар екінші тоқсанда дәстүрлі форматта оқиды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды Kazus.kz ҚРҮкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Отырыста жергілікті атқарушы органдар өз жұмысында ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулыларын басшылыққа алатыны атап өтілді. Бұл ретте, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдай алады. 

ВАК бірқатар шешім қабылдады:

I. Мектептегі оқыту бойынша – екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшірілсін;  – ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілсін. Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау міндетті.  II. Театрлар мен мешіттердің жұмысы бойынша

А.ж. 2 қарашасынан бастап рұқсат етілсін: – 30%-ға дейін толығумен, бірақ залда 100 адамнан асырмай, театрлардың жұмыс істеуіне (әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен);  – жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық намаз (бес намаз) өткізуге, бірақ залда 100 адамнан асырмай (2 м әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен).

Ұқсас жаңалықтар

Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны әлемде алғашқы болып тіркеді

admin

Елімізде қашықтан оқуға арнаулы тариф енгізіледі

admin

Стюардессалар мен ұшқыштардың айлығы белгілі болды

admin

Пікір қалдыру