25.8 C
Нью-Йорк
18.08.2022
Басты жаңалық

Отандық такси агрегаторы іске қосылды

Шымкентте «Қайырымды жан» отандық такси агрегаторы іске қосылды деп хабарлайды Kazus.kz.

Яндекс таксиге бәсекелес болатын онлайн такси сервисі өзінің жұмысын ең алдымен Шымкентте бастап отыр. Болашақта еліміздің барлық аймағын қамтуды жоспарлап отырған бұл агрегатордың ерекшеліктері де жоқ емес.

Такси қызметі өзінің бәсекелесіне қарағанда жүру құнының арзандығымен және әріптес жүргізушілеріне зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және салықтық төлемдерді аударып отыру мүмкіндіктерінің барлығымен ерекшеленуде.

Сонымен қатар такси қызметін пайдаланудан түсетін коммисияның 70 % «Қайырымды жан» қайырымдылық қорына аударылып, болашақта мұқтаж адамдарға, сонымен қатар такси қызметіндегі әріптес жүргізушілердің қажеттілігін өтеуге жұмсалатын болады дейді компания басшылығы. Және де қорға жинақталған қаржымен ауылшаруашылығы, өнеркәсіп және басқа да отандық өндіріс пен қызмет салаларын дамытуға үлес қосуды да жоспарлап отыр екен.

Осындай отандық өнімдерді пайдалану арқылы біз шетелдік тауарлар мен қызмет түрлерінің кіріптарлығынан құтылып, ел қаржысының шетел асып кетуінен сақтап, жинақталған қаржыны ел игілігіне пайдалануға мүмкіндік болады.

Related posts

Ә. Смайылов ТМД елдерін қымбатшылықпен күресте бірігуге шақырды

Admin

Қазақстанда орташа және базалық зейнетақы мөлшері өсті

Admin

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін автомобильдің VIN коды болуы туралы талап күшін жойды

Admin

Қазақстандықтардың Ресей банктеріне салған 9,2 млрд теңгесі бұғатталды

Admin

Сенат төрағасы Алматыда сарапшылармен «Жаңа Қазақстан» бағдарын талқылады

Admin

Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қалай

Admin