4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Қоғам Саясат Шымкент

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛШЫЛАРЫ СПОРТШЫЛАР МЕН ЖАНКҮЙЕРЛЕРДІ САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

Шымкентте Самат Шәмші бастаған «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары таңғы сағат 08.00-де Президент сайлауында дауыс беруге Қажымұқан атындағы стадионға келді.

Футболшылар Самат Шәмші, Тимурбек Закиров, Қажымұқан Төлепберген, Сағадат Тұрсынбай және Бекхан Шайзада №90 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады.

«Ордабасы» футболшыларының соңғы ойынында шымкенттік жанкүйерлеріміздің қолдауы мен ықыласы бізге рух берді. Клубымыз 70 жылдан астам уақыттан бері Шымкент қаласының намысын қорғап, жанкүйерлермен бірге келе жатыр.

Жанкүйерлеріміз өте көп. Барлығын сайлауға қатысуға шақырамыз. Жалпы, футбол – бұқаралық спорт. Сайлау да бұқара болып шешім шығаратын аса маңызды саяси мереке, – деді команда капитаны Самат Шәмші.

Сондай-ақ, спортшылар шеберлік сағатын өткізіп, соңынан жанкүйерлерге өздерінің қолтаңбасы қойылған доптарды сыйға тартты.

Атап өтсек, «Ордабасы» командасы Қазақстан кубогының 2022 жылғы жеңімпазы.

Жеңімпаздарды шымкенттіктер ерекше ықылас танытып, қарсы алған болатын, деп хабарлайды @shymkent_kelbeti газеті.

Related posts

Назарбаевтың бейнесі жоқ банкноттар неліктен қабылданбай жатыр — Ұлттық банк түсіндірме берді

Admin

Асанәлі Әшімовтің әйелі ASANALI нөмірі қайдан алынғанын түсіндірді

Admin

Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің екіге бөлінуіне қатысты пікір білдірді

Admin

Трансшекаралық өзендер суы азайып барады – Экология министрлігі

Admin

Күзде Парламент таратылады – заңгер

Admin

Саясатта ештеңеден қорықпау керек деп ойлаймын — президенттікке үміткер Қарақат Әбден

Admin