5.4 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Қоғам Өңір Түркістан Экономика

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 9 ЕЛДІ-МЕКЕН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Ордабасы ауданына тиесілі 57 елді-мекеннің 9-ы биыл табиғи газбен қамтылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Нұрбек Бадырақов мәлім етті.

Аудан әкімінің айтуынша, бүгінгі таңда Темірлан, Қайнар, Ынтымақ, Ұялыжар, Қажымұқан, Боралдай, Қызылсеңгір, Ықыластемір, Теспе елді-мекендеріне газ берілген. Сондай-ақ, биыл 24 елді-мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 2023 жылға өтпелі. Жұмыстар толық аяқталған соң 69 952 тұрғын табиғи газға қол жеткізіп, қамту көрсеткіші 57,3%-ға артады.

Инфрақұрылым бойынша 48 ауыл құбырлы ауызсумен қамтылған. Қамту көрсеткіші — 92,4%. Электр қуатымен ауданның 99%-ы қамтылған. Аудан көлемінде жалпы автомобиль жолының ұзындығы 1 398,4 шақырымды құрайды. Биыл 1,3 млрд. теңгеге 32,3 шақырымды құрайтын 8 аудандық маңызы бар автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен қанағатты жағдайы 71,5%-ға жетеді.

Бұдан өзге, 2022 жылдың 9 айында ауданда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 25 723 шаршы метрді құраған. Сонымен қатар, аудан әкімдігі тарапынан Темірлан ауылындағы тұрғын үй иелерімен келісімдер жасалып, аудандық бюджет есебінен 9 тұрғын үй жөндеуден өткен.

— Ауданға жыл басынан 26 251 млн. теңге инвестиция тартылды. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10 млрд. 955 млн. теңгеге артқандығын көрсетіп отыр. «Бадам» индустриалдық аймағында жалпы құны 21 млрд. 234 млн. теңгені құрайтын 310 жұмыс орын ашылған 6 жоба орналасқан. Оның ішінде 170 жаңа жұмыс орнымен төрт жоба іске қосылған, — деді Нұрбек Бақтыбайұлы.

Аймақта ауыл шаруашылығы саласында еспеті кезеңде 53 млрд 818 млн. теңгенің өнімі өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 млрд. 446 млн. теңгеге артып отыр. Жалпы ауданда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2022 жылдың өткен үш тоқсанында өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі 97,5 млрд. теңгені құраған.

Айта кетейік, бүгінде ауданда өнеркәсіп саласында 40 кәсіпорын бар. Оның ішінде, 3 ірі, 3 орта, 30 шағын, 4 қосалқы кәсіпорын жұмыс істеуде. Салада биылғы жыл басынан 21 млрд. 190 млн. теңгенің өнімі өндірілген.

Related posts

Көмір мобильді қосымша арқылы сатыла бастады

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛДА ҚАЛҒАН 35 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Admin

Қазақстан Қырғызстанға әскери мүлік беретін болды

Admin

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркістан қаласына барды

Admin

Экономикалық көрсеткіштер бойынша көш бастап тұрған өңірлер аталды

Admin

Президент елге заңсыз көлік жеткізушілерге қарсы шараларды күшейтуді тапсырды

Admin