15 C
Shymkent
Қыркүйек 23, 2020
Шоу-бизнес

«Оның отбасы бар емес пе?» Кәмшат Жолдыбаева қызу талқыға қалды

KAZUS.KZ. Қазақстандық шоу-бизнесте әншілік пен актерлік өнерін қатар алып жүрген жұлдыздардың бірі Кәмшат Жолдыбаева мен Дастан Оразбеков ел арасында қызу талқы тудырды. Қос әртіске деген көпшіліктің асқан қызығушылығына желіде тарап кеткен видео себеп болған. Онда өнер иелерінің қол ұстаса жүгіріп, көл жағасында құшақтасқан сәті көрініс тапты, – деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кәмшат Жолдыбаева мен Дастан Оразбеков бой көрсеткен видеоны экс-кешьюлік арудың өзі Instagram парақшасында жариялап қойған. Бейнежазбадан қос әртістің көл жағасында жүргенін көруге болады. Бір мезетте олар қол ұстасып жүгіріп, кейін Оразбеков әнші бикешті көтеріп алып айналдырады.

Желі қолданушылары бірден видеоны қызу талқыға салып, өнер иелеріне қатысты пікірлерін қарша жаудырды. Олардың басым бөлігі Жолдыбаеваға шынайы махаббат тілеп жатты.

Кейбір оқырмандар видеодан Дастан Оразбековты танымай қалып, оны әнші арудың сүйіктісі екен деп қалған. Оған қоса, пікір білдірушілер арасында Кәмшатты сынға алғандар да болды. Олар эстрада жұлдызын отбасылы азаматпен құшақтасқаны үшін сөгіп тастады.

Бақытты бол, Кәмшат» , «Жігітің кім? Танымадым» , «Шынымен сүйіктіңіз ба? Бақытты болыңызшы» , «Бұл Дастан Оразбеков қой. Оның отбасы бар емес пе» , «Кезекті киноның түсірілімі сияқты ғой. Шынайы өмірде де осындай бақытқа кенелуіңізді нәсіп етсін» , «Жақсы азамат кездессін сізге де» , – деп жазуда көпшілік.

Алайда, Жолдыбаева халық қате түсініп қалмас үшін бейнежазбаның астына арнайы жазба қалдырған. Онда шоу-бизнес сылқымы аталмыш видео телехикая түсірілімі кезінде таспаланғанын жеткізген.

Ұқсас жаңалықтар

Әншілер концерттің фонограмма пайдаланумен өтетінін хабарлауға міндетті

admin

Тәуекел Мүсілім әкесін есіне ала еңкілдеп жылап қалды

admin

«Қалаулымның» экс-қатысушысы: «Көтке кіруден» бірінші орын алатын қасиетінің арқасында жүргізуші болып отыр»

admin

Пікір қалдыру