9 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Экономика

Онлайн жұмыс істеу экономикаға қаншалықты кері әсері бар

экономика

KAZUS.KZ. Англия Банкінің бас экономисі Энди Холдейн ұзақ уақыт бойы қашықтан жұмыс істеу экономикаға кері әсерін тигізуі мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды Daily Mail.

Экономисттің сөзінше, үйден жұмыс істеу кезінде күнделікті сапарлар қысқарып, арнайы кестемен жұмыс істеу қажеттілігі туындамайды. Бірақ оның кемшіл тұсы бар, себебі ата-аналар үйде жұмыспен қатар балаға көңіл бөліп, жұмыс істеуге ыңғайсыз ортада отыруы мүмкін. 

Ұлттық статистика басқармасының мәліметтеріне сәйкес, Ұлыбританиядағы қызметкерлердің төрттен бірі үйден жұмыс істеу олардың өнімділігіне негатив әсер етті десе, 12 пайызы керісінше жақсы әсер еткенін айтқан. 

«Үйден жұмыс істеу – интуицияны кесте, ал кездесулерді Zoom алмастырады деген сөз. Олар бізді кездейсоқ кездесу мен жұмыстағы қарым-қатынастан шектеп, экономикалық өсуге қажет шығармашылық потенциалға қауіп төндіреді», – дейді сарапшы.  

Өткен айда Ұлыбританияның премьер-министрі үкіметтің қаулысына өзгерту енгізіп, қызметкерлерді мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге шақырды. Соған байланысты елдегі кеңселер қайтадан босай бастаған. Ұлыбританияның Ұлттық статистика қызметінің мәліметінше, 14-18 қазан аралығында қызметкерлердің 60 пайызы ғана кеңсеге барып жұмыс істесе, қашықтан жұмысын жалғастырғандардың саны 25 пайызға артқан.  

Ұқсас жаңалықтар

Түркістаннан Нұр-Сұлтанға ауыл шаруашылығы өнімдері жол тартты

admin

Өнеркәсіптің даму көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы артта келеді

admin

Шымкенттегі металл зауыты 500 мың тоннадан астам өнім шығармақ

admin

Пікір қалдыру