25.8 C
Нью-Йорк
18.08.2022
Медицина

Нью-Йоркте маймыл шешегіне қарсы жаппай вакциналау пункттері ашылды

Нью-Йоркте өршіп бара жатқан маймыл шешегімен күресу үшін үш жаппай вакциналау пункті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Breitbart News басылымына сілтеме жасап.

Нью-Йорктегі денсаулық сақтау комиссары Эшвин Васан қала 500-ге жуық адам жұқтырған осы вирустың таралуымен күресіп жатқанын айтты. Маймыл шешегіне қарсы жаппай вакциналайтын үш пункт ашылды, оларға тек алдын-ала жазылып қана баруға болады.

Олар Квинс авиациялық орта мектебінде (бұрын Манхэттен авиациялық мамандықтар мектебі деп аталды), Бруклиндегі Бушвик орта мектебінде және Бронкстегі ғылымды тереңдетіп оқытатын орта мектепте орналасқан. Жұма күні қалалық онлайн-порталда 9 мыңнан астам вакцина қолжетімді болды, бірақ олар бірнеше минут ішінде толығымен брондалды.

Денсаулық сақтау министрлігі осы аптада федералды үкіметтен 4 мыңға жуық қосымша вакцина дозасы келеді деп хабарлады.

Related posts

Былтыр МӘМС бойынша көрсетілген стоматологиялық қызметтер саны 50%-ға өскен

Admin

Коронавирустық пандемия әлі аяқталған жоқ – ДДСҰ

Admin

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 500 млн адамнан асты

Admin