25.8 C
Нью-Йорк
18.08.2022
Мәдениет

Мың оқушы қатысқан домбыра сабағы: Мемлекет басшысы Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен ауқымды домбыра сабағын өткізген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады деп хабарлайды ХАБАР.24

– Халық мұрасын насихаттау және үйрету ісіне бел шеше кірісіп, көпшілікке белгісіз туындыларды нотаға түсіріп, олардың авторларын анықтауға атсалысып келесіз. Сан жылғы зерттеу жұмыстарыңыздың нәтижесі іспетті еңбектеріңіз қазіргі таңда музыка мектептері мен оқу орындарында оқулық ретінде қолданылып жүр. Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің мыңнан астам оқушысы қатысқан домбыра сабағыңыз өскелең ұрпақтың ұлттық күй өнеріне қызығушылығын арттырып, білімін тереңдеткен маңызды шаралардың бірі болды. Ұлттық өнерді ұлықтауға бағытталған бұл мәдени іс-шара Гиннес рекордтар кітабына енеді деп сенемін, – делінген алғыс хатта.

Related posts

Алматыда кітап жәрмеңкесі өтеді

Admin

Отандық телеарналардан референдум туралы деректі фильм көрсетіледі

Admin

Қазақстанда әрбір шетелдік турист үшін туроператорларға 15 мың теңге төленеді

Admin

Димаштың әндері Бразилия радиосында күн сайын шырқалып жатыр

Admin

Этнограф, cуретші Ералы Оспанұлының кітаптарының тұсаукесері өтті

Admin

«Balapan әлемі» республикалық балалар фестивалі өтеді

Admin