4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Технология

Министр Қазақстанда Toyota зауытын ашу мүмкіндігі туралы: Келіссөз жүріп жатыр

Қазақстандық автоөндірушілер елде Toyota корпорациясы зауытын ашу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Toyota — еліміздегі ең танымал брендтердің бірі. Егер мұндай мүмкіндік болса… Біздің өндірушілер келіссөз жүргізетіні анық, бизнеспен бизнес сияқты. Бизнес-корпорация бұл мәселелерді мемлекеттік органмен талқыламайтын шығар, өйткені бұл таза техникалық мәселелер: кім қанша ақша салады, қандай құзыреттіліктер болады, сату нарығына қаншалықты дайын. Келіссөз жүріп жатыр, жұмыс істей ме, жоқ па — мен білмеймін. Бірақ Toyota ашылса, бұл еліміздің ең мықты жетістіктерінің бірі болады деп ойлаймын», — деді Өскенбаев ОКҚ баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына жауап беріп.

Еске салайық, бұған дейін Toyota Ресейдегі зауытын жабатыны белгілі болған еді. Жергілікті БАҚ мәліметінше, мұндай шешім Ресей Федерациясында қалыптасқан жағдайға байланысты қабылданған. Санкт-Петербургтегі Toyota зауыты 2007 жылдан бері жұмыс істейді.

Фото ©РИА Новости

Related posts

EGov-та жаңа мемлекеттік қызмет іске қосылды

Admin

Министр Қазақстандағы телефон кодының өзгеру себебін түсіндірді

Admin

Батыстағы автоөндірушілер Ресейге көлік жіберуді тоқтатты

Admin

Африканың ең биік жанартауында туристер үшін жылдам интернет пайда болды

Admin

Қазақстанда «сұр» майнерлердің мүлкін тәркілеу ұсынылды

Admin