15.8 C
Нью-Йорк
27.09.2022
Экономика

Министр биыл елді газдандыруға қанша қаражат бөлінгенін айтты

«Газ саласын дамыту перспективалары» тақырыбындағы Үкімет сағатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов биыл елді газдандыруға қанша қаражат бөлінгенін айтты, деп жазады BAQ.KZ.

2025 жылғы жоспарлы көрсеткіштегі (246 ауыл) 187 ауылдық елді мекенді газдандыруға қаражат бөлінді. Биыл елді газдандыруды дамытуға министрліктің 003 бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 45,8 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде қосымша 50,1 млрд теңге қолдау тапты, — деп айтты ол.

Нәтижесінде, 133 жобаны іске асыруға 96 млрд теңге қарастырылған, бұл 146 мың адамды немесе 93 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

2022 жылдың қорытындысы бойынша газдандырудың жоспарланған деңгейі 58,43%-ды құрайды, — деп түсіндірді Болат Ақшолақов Үкімет сағатында.

Related posts

Admin

Ақша айырбастау орындарында доллар тағы қымбаттады

Admin

Астық алқаптарының 86% жиналды

Admin

«Бәйтерек» Сбербанктің Қазақстандағы үлесін толық сатып алды

Admin

БАӘ шейхына инвестициялық жобалар ұсынылды

Admin

Қымбатшылыққа кінәлі екі министрге сөгіс жарияланды

Admin