9 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Қоғам

Министрлік «балаларды улайтын су» туралы хабарламаға пікір білдірді

KAZUS.KZ.Мессенджерлерде белгісіз бір әйелдің уланған суды ішпеуді сұрағаны жазылған аудиохабарлама тарап жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz 

Аудиожазбада белгісіз әйел вирусологпен сөйлесіп, ол айтқан құпия мәліметті бөлісіп жатқанын айтады.

«Қымбатты туыстарым, сізге бір жаңалық айтқым келеді. Мен вирусологпен сөйлестім. Оның айтуынша, жарты жыл бойы су ішуге болмайды, диспансерлік су болсын, ішуге болмайды! Тек қайнаған су ішіңіздер. Су арқылы олар бәрін және барлығын улайды. Қазір балалар мен жастарды улап жатыр. Тіпті балалар үшін ауруханада бөлмелер дайындап жатыр. Балаларыңызды қорғаңыздар. Үйден шықпасын. Дүйсенбіден бастап бәрін улап жатыр. Маскасыз жүрмеңіздер», – деп келтіреді хабарламада вирусологтың сөздерін.

Денсаулық сақтау министрлігі болса бұл мәліметті жоққа шығарды.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті WhatsApp  мессенджеріндегі улайтын су туралы аудиохабарлама бойынша
бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды», – деді министрліктегілер.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет зейнеткерлік жасты қысқартады ма? Министр жауап берді

admin

Елорда әкімі Алтай Көлгінов 19 жастағы Дильнас Шәріпбаевамен кездесті

admin

Жексенбі күні елордада автобустар жүрмейді

admin

Пікір қалдыру