10 C
Shymkent
Қыркүйек 23, 2020
Білім/ғылым

Министрлік балалардың дәстүрлі білім беру форматына оралуын қалайды

KAZUS.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігі әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа ресми жауап берді, – деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желілерде 7 қыркүйектен бастап орта мектептер дәстүрлі оқу форматына қайта оралады деген қауесет тарап жатыр. Осы ақпарат бойынша министрлік жауап берді.

Санитарлық дәрігерлер бастауыш сынып оқушыларына кезекші сыныптарда оқуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, шағын жинақты мектептерде дәстүрлі форматта да балалар оқиды. Министрлік балалардың дәстүрлі білім беру форматына оралуын қалайды, бірақ бұл шешімді Денсаулық сақтау министрлігіндегі әріптестеріміз қабылдайды. Медициналық дәрігерлер дәстүрлі форматқа біртіндеп көшуге болатынын айтса, біз бұл процесс бойынша жұмыс істейміз. 7 қыркүйекте оқушылар мектепке оралатыны туралы ақпарат жоқ. Бірақ, егер Денсаулық сақтау министрлігі мен санитарлық дәрігерлер шешім қабылдаса, онда бұл сұрақты пысықтаймыз, – деді Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек.

Ұқсас жаңалықтар

Жолдауға сәйкес жалақысы көтерілмейтін мұғалімдер бар ма?

admin

Оқушылардың каникулға шығатын күндері белгілі болды

admin

Президент жаңа оқулық әзірлеуді тапсырды

admin

Пікір қалдыру