5.4 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Саясат

Мемлекет басшысы Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашуды ұсынды

Алматы қаласында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаты жөніндегі аймақтық орталығын ашу маңызды деп есептейміз. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Орталық Азия туралы айтар болсақ, біз оның қазірдің өзінде халықаралық ынтымақтастық үшін мол мүмкіндіктері бар аймақ екенін есте ұстауымыз керек. Орталық Азиядағы әріптестерімізбен бірге аймақты одан әрі дамыту мақсатында өзара саяси іс-әрекетті нығайтуға және экономикалық байланыстарды тереңдетуге ниеттіміз. Біз тату көршілік қарым-қатынастарды сақтауға және ынтымақтастықты әртараптандыруға бейілдіміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл тұрғыда маңызды табиғи және ауыл шаруашылығы ресурстар, адами капитал және транзиттік әлеует ескерілгенін айтты.

«Біз – Шығыс пен Батыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің арасындағы аралық нарықпыз. Біз климаттың өзгеруі, Арал теңізі, су ресурстарын ұтымды пайдалану, шекараны делимитациялау, экстремизмге қарсы күрес және аймақішілік сауданы кеңейту мәселелерін қамтитын өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді шешу үшін барлық мүдделі тараптармен бірлескен жұмыстарды жалғастыруға ниеттіміз. Сондықтан Алматы қаласында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаты жөніндегі аймақтық орталығын ашу маңызды деп есептейміз», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ауғанстанның болашағын көрші елдермен бейбіт қарым-қатынаста болатын шынайы тәуелсіз, бейтарап, біртұтас, дамыған мемлекет ретінде көргісі келетенін атап өтті.

«Сондықтан аса маңызды гуманитарлық көмек көрсете отырып, осы елде мемлекеттілік қалыптасуының күрделі процесін қолдаймыз», — деді Мемлекет басшысы.

Фото:tv3cdn.lv

Related posts

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛШЫЛАРЫ СПОРТШЫЛАР МЕН ЖАНКҮЙЕРЛЕРДІ САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

Admin

Референдум әділетті Қазақстан құрудың алғышарты – Мәжіліс депутаты

Admin

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Admin

Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады

Admin

Тоқаев Қатардың вице-премьерімен қазақ-қатар қарым-қатынасын дамытуды талқылады

Admin

М.ӘЙТЕНОВ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Admin