2 C
Shymkent
Қаңтар 24, 2021
Білім/ғылым

Мектепке смартфон әкелуге тыйым салынғаны рас па – министрлік жауабы

смартфон

KAZUS.KZ. Мектепке смартфон әкелуге тыйым салынғаны рас па? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілерде мектептерде телефонды пайдалануға тыйым салынатыны туралы ақпарат тарап жүр. Бұл шындыққа жанаспайды. Яғни смартфонға қатысты бұрынғы норма сақталады. Алайда мектептер өздігімен смартфондарды пайдалануға шектеу қоюға қатысты шешім қабылдай алады. Өз жарғысына сәйкес, мұндай шешім қабылдауға мүмкіндік бар», – деді Шолпан Каринова.

Оның айтуынша мектепке смартфонды әкелуге қойылатын тыйым мәселесі бұрыннан бері талқылануда.

«Әртүрлі пайым-пікір бар. Түпкілікті шешім қабылдау үшін аталмыш мәселені зерттейтін боламыз. Әлбетте білім алуда телефон бірталай кедергі келтіретінін атап өту керек», – деді вице-министр.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде бірыңғай онлайн білім беру платформасы әзірленеді

admin

Президент жаңа оқулық әзірлеуді тапсырды

admin

Ағасы інісінің орнына ҰБТ тапсырмақ болған

admin