21.3 C
Shymkent
Маусым 19, 2021
Мәдениет Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаевтың ахуалына қатысты дерек шықты

KAZUS.KZ.  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев коронавирусқа шалдығып, ауруханаға түсті. Бұл ақпаратты «МузАРТ» тобының директоры Ерлан Жүнісбай растады, – деп жазады Oinet.kz.

«Мейрамбекті кеше түсте жедел жәрдем алып кетті. Бірден жансақтау бөліміне түсті. Алдымен пневмония деген, кейін коронавирус екені анықталды», – деді Ерлан Жүнісбай.

Оның айтуынша, қазір әншінің денсаулығы жақсы. 

«Қазір жағдайы жақсы. Жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырды. Телефонмен сөйлесіп отырамыз. Уайымдамаңыздар, жағдайы жақсарды. Онымен кеше кешке сөйлестім. Ол Қалқамандағы №7 аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтқысы келеді. Қазақстандықтар мұның қаншалықты қауіпті екенін түсініп, олардан үйде отыруын және қонаққа бармауын сұрады», – деді «МузАРТ» тобының директоры.

Ұқсас жаңалықтар

Сенсация! Нұрлан Қоянбаев әлемдік рекордты жаңартты

admin

Қуат «Найман» Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді

admin

Танымал әнші Жазира Байырбекова халықтан кешірім сұрады

admin