10 C
Shymkent
Қыркүйек 23, 2020
Әлемде

Маска орнына бетіне тірі жыланды орап алған

KAZUS.KZ. Ұлыбританияда бетперденің орнына бетіне жылан орап алған азамат көпшілікті таң қалдырды, – деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Солфорд ауданында болған бұл жайт жұрттың таңданысын тудырған деп жазады dailymail.co.uk басылымы. Ер адам Суинтоннан Манчестерге автобуспен жету үшін масканың орнына бетін жыланмен бүркуді жөн санапты. Онымен қоймай, ер адам жыланды мойнынан шешіп, автобус ішінде жорғалауға мүмкіндік берген

Бір қызығы. автобус жолаушылары бұл жайтқа сабырмен қараған. Тіпті мұны қызық жайт деп тапқандардың қарасы басым. Кейбірі басында ер адам жыланға ұқсас ерекше маска киіп отыр деп ойлап қалған. Алайда маска өздігінен қозғала бастағанда, оның тірі жылан екенін ұғады.

Жергілікті билік болса, жылан масканы алмастыра алмайтынын айтып, ер адамның әрекетін сынға алды.

«Үкімет нұсқаулығында міндетті түрде хирургиялық бетперде кию керектігі айтылмаған. Жолаушылар қолдан маска жасап, автобусқа өз маскасымен кіре алатыны сөз етілген. Жыланды бетперде етіп киюге болмайтыны туралы ескертпе жоқ», – деп ақталды жолаушыны автобусқа кіргізген жүргізуші.

Ұқсас жаңалықтар

Лукашенко қандай жағдайда жаңа президент сайлауы өтетінін айтты

admin

Жасөспірім мектепті жарып жібермек болған

admin

Трамп қайтыс болды

admin

Пікір қалдыру