15 C
Shymkent
Қыркүйек 23, 2020
Білім/ғылым

Маскасыз суретке түскен Асхат Аймағамбетовке тиісті шара қабылданады

KAZUS.KZ. IQanat мектебінің ашылуында маскасыз суретке түскен ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке шара қолданылуы мүмкін. Бұл туралы еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгін елордадағы №6 қалалық емханада маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырған ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен бірге еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова да келіп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген болатын.

«Бурабайдағы IQanat ауыл балаларына арналған мектептің ашылуында маскасыз жүздеген адам бір жерде тұр. Олардың қатарында Білім және ғылым министрі де бар. Бұл карантин ережелерін бұзу ма?» – деп сұраған еді БАҚ өкілдері Бас санитар дәрігерден.

«Бұл факті бізге белгілі. Ол бойынша тиісті шара қабылданады. Заңды тұлғаларды да, жеке тұлғаларды да әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі бар. Бұл оқиғаға да осы шаралар қолданылатын болады. Яғни, қарастырылып, заңнамаға сәйкес шаралар қолға алынады. Бізде заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар арасында шектеулер жоқ», – деген ол мектептің ашылу рәсіміне қатысқандардың арасында Білім және ғылым министрінің де болғанын білетіндігін айтты.


Ұқсас жаңалықтар

Елімізде бірыңғай онлайн білім беру платформасы әзірленеді

admin

Жолдауға сәйкес жалақысы көтерілмейтін мұғалімдер бар ма?

admin

Білім министрлігі шетелде оқитын қазақстандықтарға отандық ЖОО-ларға ауысуға көмектесуде

admin

Пікір қалдыру