2 C
Shymkent
Қаңтар 24, 2021
Спорт

Майк Тайсон мен Рой Джонстың төбелесін «Qazaqstan» арнасы көрсетеді

Майк и Рой

Сурет : Twitter

Калифорниядағы Карсон қаласында Dignity Health Sports Park аренасында 54 жастағы Майк Тайсон мен 51 жастағы Рой Джонс арасындағы жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

29 қарашада Калифорниядағы Карсон қаласында Dignity Health Sports Park аренасында 54 жастағы Майк Тайсон мен 51 жастағы Рой Джонс арасындағы жекпе-жек өтеді. Кездесу елорда уақытымен 07:50-де басталады. Кәсіпқой боксшылардың жұдырықтасу кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Жекпе-жек форматы – 2 минуттан 8 раундты құрайды.

Жеңімпаз үшін Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) арнайы белбеуі табысталады.

Айта кетсек бұған дейін Майк Тайсон шаршы алаңға оралатыны туралы сұхбат берген еді.

«Мен салмақтан арыла бастадым. Сосын күйеу балам маған 30-40 миллион доллар үшін жұдырықтасуға ұсыныс болып жатқанын жеткізді. Ол маған бұл адамның Боб Сап екенін айтты. Ақыры, біз онымен жұдырықтасатынымыз туралы келістік. Дайындық пен өзіңді қалпына келтіру – екі түрлі нәрсе.», – деп атап өтті Майк Тайсон.

Ұқсас жаңалықтар

Футболмен қоштасқан Уэйн Руни жаңа қызметке орналасты

admin

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің жеребесі тартылды

admin

Месси «Манчестер Сити» командасына ауысуға ниет білдірді

admin

Пікір қалдыру