KAZUS.KZ. Атырауда жүргізуші итті көлікке байлап, көшемен сүйреген. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әлеуметтік желілерде видео жарияланған соң полиция қызметкерлері ондағы жүргізушіні іздестіре бастаған.
«Аталған факт бойынша Атырау тұрғыны, автокөлік жүргізушісі анықталып, ұсталды. Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», – деді полиция өкілі.