25.8 C
Нью-Йорк
18.08.2022
Саясат

Кәрім Мәсімовті қамау мерзімі ұзартылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Ануар Садықұловтың қамау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кәрім Мәсімов пен Ануар Садықұловтың қамау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылса, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин 13 тамызға дейін тергеу изоляторында болады, -деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Еске сала кетсек, Кәрім Мәсімов қаңтардa мемлекетке сатқындық жасады деген күдікпен қамауға алынған болатын. Оның зәулім үйін тінту кезінде 17,5 млн АҚШ доллары мен қымбат көліктер, бағалы бұйымдар табылды. ҰҚК бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс құпия түрде жүргізіледі. Сол себепті мемлекетке қалай және қандай жағдайда сатқындық жасағаны айтылмай отыр.  

Мәсімовтың қамау мерзімі бес рет ұзартылды. Егерде қылмысы дәлелденсе, Мәсімов 17 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Айта кету керек, Ресейге жалған құжатпен өтпек болған Кәрім Мәсімовтің інісі Нұрлан Мәсімов ұсталған болатын. Кіші Мәсімов Павлодар облысы Полиция департаменті бастығы лауазымын атқарды. Ағайынды Мәсімовтердің қылмыстық ісін тергеу жалғасып жатыр.

Related posts

Елімізде «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы құрылады

Admin

Қазақстанның агроөнеркәбін дамытуға Қатар инвесторлары көмектеспек

Admin

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті

Admin

Ұлытау облысының әкімі тағайындалды

Admin

Президент Ерлан Қаринді мемлекеттік кеңесші лауазымына тағайындады

Admin

Референдум әділетті Қазақстан құрудың алғышарты – Мәжіліс депутаты

Admin