5 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Басты жаңалықтар Оқыс-оқиға

Кәмелет жасына толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға күштеген

избиение

KAZUS.KZ. Алматыда кәмелетке толмаған қызды бопсалап, жезөкшелікпен айналысуға күштеген әйел ұсталды. Бұл туралы онлайн брифингте ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері Кәміл Ғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Өткен аптада ішкі істер министрлігі республика аумағында «Стоп-трафик» жедел алдын алу шарасын өткізді. 

Үш күн ішінде адам саудасымен байланысты 65 қылмыс ашылған. Шара барысында жезөкшелікке тартудың 10 фактісі анықталды. 

«Алматыда екі қызды алдау және бопсалау арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Қызылорда облысының 26 жастағы тумасы ұсталды. Жәбірленушілердің біреуі – кәмелеттік жасқа толмаған қыз», – деді Ғалиев онлайн брифингте. 

Полицейлер қылмысты әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде анықтады. Күдікті желіге жыныстық қызмет көрсету туралы хабарландыру жариялаған.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 134-бабы (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту) және 308-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға тарту) бойынша қылмыстық істер қозғалды. 

Жәбірленушілерге қажетті көмек көрсетілуде. 

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда жеңгетайлықпен айналысқан екі қыз ұсталды. Олар 22 жастағы шымкенттік қыздың қиын жағдайын пайдаланып, оған клиенттер тауып беріп отырған.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Қор МӘМС пакетінде көрсетілген медициналық көмекке 16,9 млрд теңге төледі

admin

Қазығұрттағы жан түршігерлік жағдайға қатысты тың дерек шықты

admin

Kaspi.kz-ке кибершабуыл жасалып, 78 млн. теңге ұрланғаны рас па?

admin

Пікір қалдыру