15 C
Shymkent
Қыркүйек 23, 2020
Денсаулық

Күзде вирустың қауіпті төрт штаммы тарайды

KAZUS.KZ. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин күзгі-қысқы кезеңде вирустың қандай штаммдары белсенді болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, алдағы күзгі-қысқы маусымда вирустың төрт штаммы солтүстік жарты шарда белсенді болады.– 2 типті А – Гуангдонг (Гуангдонг) және Hong Kong (Гон Конг), сондай-ақ 2 типті B – Вашингтон (Вашингтон) және Hong Kong (Пхукет), олар ДДҰ болжамы бойынша алдағы маусымда тұмауға қарсы үш және төрт валентті вакциналардың құрамына кірді», – деді Жандарбек Бекшин.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 855-ке жетті. Ал әлем бойынша, ДДҰ мәліметінше, вирус жұқтырғандар саны 28,9 миллионға жетті.

Ұқсас жаңалықтар

Коронавирустың екінші толқыны біршама жеңіл өтеді – эпидемиолог

admin

Шымкентте өткен туәлікте COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелмеді

admin

Коронавирустан кейін елімізде туберкулез өршуі мүмкін

admin

Пікір қалдыру