6 C
Shymkent
Қазан 26, 2020
Басты жаңалықтар Қоғам

Кредит кешірілді. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл – біржолғы акция»

тенге


KAZUS.KZ. Депутат Айқын Қоңыровтың Мәжілістің жалпы отырысында пандемияға дейін салықты уақытылы төлеген жеке және заңды тұлғаларға несие амнистиясын жариялауды ұсынғанынан бері қоғамда үлкен талқылау болып жатыр.

2019 жылы 500 мыңнан астам адамның 300 мың теңгеге дейінгі негізгі несиесі және оған есептелетін сыйақысы өтелген болатын. Осы орайда, былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған бастамаға қатысты бірқатар пікірлерін жинап беріп отырмыз.

Ел президенті: «Бұл біржолғы акция. Қарыз әлеуметтік аз қамтылған, тұрмысы тым төмен азаматтарға кешіріледі: көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баласы барлар, жалғыз асыраушысынан айырылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен жетім балалар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елде 345 мыңнан аса көп балалы отбасы бар, 169 мыңнан аса шаңырақ асыраушысынан айырылған, 98 580 отбасы мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отыр. Атаулы көмекті 282 615 отбасы алады. Ал мұндай несиесі бар азаматтардың саны 500 мыңның үстінде. Көбісінің қарызы 1 миллион теңгеден аспайды, ал орташа берешегі 300 мың теңге» деп атап өткен болатын.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Үкімет банктен немесе шағын несие ұйымдарынан алынған жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін негізгі несиені және оған есептелген сыйақыны өтемек. Бұдан бөлек, олардың биылғы 1 маусымға дейінгі қарыздарының жалпы көлемі 3 млн теңгеден аспауы тиіс. Яғни 255 мың адамның қарызы толық кешірілсе, қалған 245 мың адамның банк алдындағы берешегі айтарлықтай азаяды» деп атап өткен.

Яғни, 2019 жылы көптеген адамдардың несиелік жүктемесін азайтқан бұл бастама – біржолғы акция. Президент өз сөзінде бұдан кейін мұндай шараларға әуестене алмайтынымызды және құқығымыздың жоқтығын да ескерткен болатын.

Ұқсас жаңалықтар

#Әйтеновкет хэштегінің авторы Әйтеновке кеңесші болды

admin

Тоқаев: Пандемияны жеңу үшін кем дегенде екі жыл қажет

admin

«Дезинфекциялау басталды, халықты улау басталды» Қуат Хамитов

admin

Пікір қалдыру