9 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Денсаулық

Коронавирус өміршеңдігі күз айында жоғарылайды

KAZUS.KZ. Ғалымдар жылдың әр мезгілінде коронавирус инфекциясының өміршеңдігі қаншалықты өрши түсетінін зерттей келе індеттің сақталу деңгейі күз айында жоғарылайды деген тоқтамға келді, – деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап

Зерттеу нәтижелері bioRxiv ғылыми кітапханасында жарияланған. Белгілі болғандай, коронавирус жаздан гөрі күз бен көктем айларында өміршең келеді екен. Мәселен, жазда вирус түрлі заттардың бетінде тек екі-бес сағат тіршілік ете алса, күз-көктемде оның тіршілік ету ұзақтығы 17-30 сағатқа дейін барады екен.

Осыған байланысты ғалымдар тұрғындарға барынша сақтық шараларын қолданып жүруді ескертіп, дабыл қақты. Айналаңыздағы заттардың бетін жиі дезинфекциялап, тазалықты сақтап отырған абзал дейді мамандар.

Ал бұған дейін АҚШ-тың Манут Оберн емханасындағы мамандар жоғары температурада (10 градус Цельсиядан жоғары) вирустың өміршеңдігі қысқаратынын байқаған.

Сонымен қатар SARS-CoV-2 бөлшектері жоғары ультракүлгін сәулелерінен қорқатын болып шықты. Ал одан өзге факторлар, мәселен, ауаның ылғалдығы COVID-19 індетінің таралу деңгейіне еш әсер етпейтін көрінеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда 24 сағатта 442 адамнан коронавирус анықталды

admin

Коронавирустың екінші толқыны біршама жеңіл өтеді – эпидемиолог

admin

Өткен тәулікте 16 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

admin

Пікір қалдыру