-2 C
Shymkent
Қазан 28, 2020
Денсаулық

Коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығаратын зауыт желтоқсан айында іске қосылады

вакцина

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанындағы вакциналар шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысы 2020 жылдың желтоқсанында аяқталады деп үміттенетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

– Зауыт құрылысы, негізінен, жоғары қарқынмен жүргізіліп жатыр. Біздің әріптестеріміз, Білім министрлігі осы мәселелермен айналысуда. Зауыттың іске қосылуы желтоқсан айына жоспарланған, сондықтан қазір жұмыс қарқынды жүруде. Ол уақытында орындалады деп сенеміз, – деді Цой.

Министр зауыттың Жамбыл облысында, Қордай ауданының Гвардейский қалалық типтегі поселкесінде салынып жатқанын түсіндірді.

Биофармацевтикалық вакцина зауытының құрылысы 2020 жылдың маусым айында басталды. Ол коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны қоса алғанда, өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандартына сәйкес иммунобиологиялық препараттар шығаратын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізу мәселесін келісті

admin

Шетелден келген тағы 25 жолаушы карантинге алынды

admin

ШЫМКЕНТ:«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы жасанды тыныс алу аппаратын тарту етті

admin

Пікір қалдыру