-2 C
Shymkent
Қазан 28, 2020
Денсаулық

Коронавирусты екінші мәрте жұқтырса не болады – зерттеу нәтижесі

коронавирус

KAZUS.KZ. COVID-19-ды екінші мәрте жұқтырған адамда алдыңғысынан да қауіпті белгілер сезілуі мүмкін. Бұл туралы Невада университетінің ғалымдары және АҚШ-тағы басқа ғылыми ұйымдар мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Lenta.ruға сілтеме жасап.

Ғалымдар 48 күн ішінде SARS-CoV-2 екі түрлі нұсқасын жұқтырған 25 жастағы ер адамның жағдайын сипаттады. Екінші инфекция біріншіге қарағанда ауыр болған, ал науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Сонымен қатар, сарапшылар Бельгия, Нидерланды, Гонконг және Эквадордағы реинфекцияның тағы төрт жағдайын атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, Невададағы науқас екінші рет вирустың жоғары дозасын жұқтыруы мүмкін, сондықтан ауру өте ауыр өткен. Басқа гипотезаларға сәйкес, ер адам ағзасында қалыптасқан антиденелер қайта инфекция жұқтырғанда жағдайды ушықтырған, яғни антиденеге тәуелділігі жоғарылаған. Реинфекциялар COVID-19 вакцинасын әзірлеу жұмыстарына қауіп төндіреді, бірақ реинфекция бүгінгі күнге дейін сирек кездесетін құбылыс.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте соңғы үш тәулікте COVID-19 дерегі тіркелді

admin

Мұғалімдер жұмыста жүріп коронавирус жұқтырса…

admin

Германия коронавирус салдарынан елде «лайт-локдаун» енгізді

admin

Пікір қалдыру