2 C
Shymkent
Қаңтар 24, 2021
Денсаулық

Коронавирустың жаңа штаммы балаларда қалай білінеді?

Болеем

KAZUS.KZ. Коронавирустың жаңа штаммын жұқтырған балалардың 30%-ының тәбеті жоғалады. Вирустың мұндай белгілері көбінесе 1 жасқа дейінгі балаларда байқалатын көрінеді, деп жазады Baq.kz Express сайтына сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, коронавирустың «британиялық» штаммын жұқтырған балаларда бірқатар айрықша белгіні анықтауға болады.   

Сарапшылар айтып өткендей, вирус жұқтырған балалардың басым бөлігі тез шаршап қалатын көрінеді. Сонымен қатар тұйық болып қалатындары да бар екен. Індетке шалдыққан емізулі балалар әдеттегіден қатты жылап, жұбатқанға көнбеуі мүмкін.

Бұдан бөлек балалардың дені басы ауыратынын айтып шағымданса, кейбіреулері іші ауыратынын айтқан. Дәрігерлер балалардың осындай шағымдарын елеусіз қалдырмауға шақырады.

Жұқпалы ауру жұқтырған балалардың тең жартысында 37 градустан жоғары температура жиі анықталады, – деп атап өтті маман.

Сондай-ақ тамақтың ауруы вирусты жұқтырғанның бір белгісі болуы ықтимал. 

Дәрігерлердің сөзінше, вирус жұқтырған 1 жасқа дейінгі балалардың 35 пайыз шамасында тәбет жоғалады. 

Айта кетейік, Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутацияланған түрінің пайда болғаны желтоқсанның ортасында анықталды. Британияның респираторлық вирустарға қатысты консультациялық кеңесі коронавирустың бұл түрі өте жылдам қарқынмен таралып жатқанын айтып, дабыл қақты. 7 қаңтарда ДДСҰ еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге мутацияланған жаңа штамм еуропаның 22 мемлекетінде анықталғанын мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Екі күн ішінде өз ағзасын пайдалануға келісімін берген адам қанша – статистика

admin

2026 жылға дейін медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 435 нысан ашылады

admin

Коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығаратын зауыт желтоқсан айында іске қосылады

admin