4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Көзқарас

Конституциялық өзгерістер 2-3 жылда нәтиже береді – Еркін Әбіл

Конституциялық өзгерістер негізінде қабылданатын заңдар алдағы 2-3 жылда алғашқы нәтижесін береді.

Мұндай пікірді Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбіл білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қазір болашақ өзгерістердің негізін салып жатырмыз. Сондықтан көп созбай заңдарға өзгеріс енгізу керек. Бұл жұмыстар жүргізілген кезде белсенді талқылау болуы маңызды. Заң шығару процессін тек жауапты органдардың қолына тапсырып қоймай, халықтың талқылауына салу қажет. Оған сарапшылар, қоғам белсенділері тіпті оппозиция мүшелерінің де қатысқаны жөн. Өйткені тиісті органдар көрмей қалатын қоғамдағы кейбір мәселелерді оппозиция назарда ұстайды. Аталған жұмыстар жүйелі жүргізілсе, саяси өмірдегі өзгерістер алдағы 2-3 жылда өзінің алғашқы нәтижесін бере бастайды», — деді Еркін Аманжолұлы.

Тарихшының айтуынша, бірінші кезекте партиялық жүйеде өзгерістер болады. Ал экономикалық және әлеуметтік саладағы іргелі бастамалар ұзақ мерзімге жоспарланғанын атап өтті.

Related posts

Асқар Мамин түрмеде отыруы тиіс

Admin

Балалардың мүддесі кез келген жеке мүддеден жоғары тұруы керек – министр

Admin

Елдің тұрақтылығы халықтың әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты – сарапшы

Admin

Барлық бастама мен реформа міндетті түрде жүзеге асырылатынына сенімдімін – Ершов

Admin

Жас жазушы комикс жазудың маңызын түсіндірді

Admin

Бүгін еліміз үшін тарихи күн – Жәмилә Серкебаева

Admin