25.8 C
Нью-Йорк
18.08.2022
Қоғам

Келестегі келеңсіздік

Келес өзенінен заңсыз тас алушыладың әрекеті толастар емес деп хабарлайды Kazus.kz

Осыдан біршама уақыт бұрын Түркістан облысы, Келес ауданының азаматтары Келес өзенінен тасты заңсыз өндірумен айналысып, қоршаған ортаға зиян тигізіп жатқан карьерлердің жұмысын тоқтатуға «Байтақ болашақ экологиялық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азаматхан Әміртайдан көмек сұраған болатын. Азаматхан мырзаның араласуымен жылдар бойы тоқтамай келген бұл тас бизнесі тоқтағандай еді. Алайда, біршама уақыттан кейін тас қазу қайта белең алған.

Осы мәселені түпкілікті шешу үшін Азаматхан Әміртай ауыл тұрғындары, әкімшілік және құқық қорғау органдары қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 14 шілдесінде екінші рет тағы кездесуге келген болатын.

Карьерлер қазір қайтадан жұмыс жасап жатыр. Полиция шақырамыз, олар айыппұл салады, бірақ қазу тоқтамайды. Полиция дәрменсіздік танытуда дейді ауыл тұрғындары.

Полиция өкілі бұл бойынша: «Азаматхан мырзамен алдыңғы кездесуден соң заңсыз карьерлерді жабу бойынша жұмыстар атқарылып бес карьер жабылды. Қазіргі таңда жұмыс істеп отырған екі карьер бар, соларды жақын арада жабауымыз керек, жұмыстар жүргізілуде»,-деп түсініктеме берді.

Бір белсенділер полиция басшылығын айыптаса, екіншілері аудан әкіміне қанша хат жазсақ та та мәселе шешілмей отырғандығын алға тартуда. Қалай болғанда да алдағы уақытта әкімдік не басқа да құзырлы органдар бұл мәселелерді шешуі тиіс. Өйткені, президентіміз айтып отырған «Жаңа Қазақстан», ескі жүйеден арылып, халықтың мүддесіне жұмыс жасауы керек.

Related posts

Автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады

Admin

Такси мен курьерлерді әлеуметтік пакетпен қамту жоспарлануда

Admin

Асанәлі Әшімовтің әйелі ASANALI нөмірі қайдан алынғанын түсіндірді

Admin

Биыл 170 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

Admin

Пияз бағасы шарықтады: Көкөністің бұл түрі де қат өнімге айнала ма

Admin

Елімізден Ресейге қатынайтын мемлекетаралық пойыздар жұмысы қайта іске қосылады

Admin