KAZUS.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік Дума фракцияларының басшыларымен кездесу кезінде кедейлерге азық-түлік талонын енгізу мәселесін ойлану туралы ұсыныспен келісті. Кездесуді «Россия 24» телеарнасы көрсетті, – деп хабарлайды tengrinews.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Ресей басшысының айтуынша, үкіметте аз қамтылған отбасыларға азық-түлік сертификатын беру мәселесі талқыланып жатыр, бұл идеяның оң тұстары бар.
«Бұл мәселе бойынша ойлану керек. Бірақ бұл эпидемия басындағыдай өзекті деп ойламаймын», – деді Путин.