4 C
Shymkent
Қазан 28, 2020
Саясат Спорт

Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды

Илин

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Қазақстан спортшылар одағы Қызылорда облыстық филиалының басшысы болды. Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды Kazus.kz ақпараттық порталы Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Мен Қазақстан спортшылар одағының @sportodagy Қызылорда облысы бойынша филиалын басқара бастадым… Туған өңірімде спортты дамыту бойынша үлкен жоспарларым бар. Өз алдыма үлкен мақсаттар қойып отырмын және оларды міндетті түрде жүзеге асырамыз деп үміт артамын!, – деп жазды И.Ильин. 

Сондай-ақ спортшы аталмыш филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелгенін мәлім етті. 

Айта кетейік, бүгінде Илья Ильин Қызылорда облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры.

Ұқсас жаңалықтар

Түркия қорғаныс министрінің Қазақстанға келуінің себебі белгілі болды

admin

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің жеребесі тартылды

admin

Түркістан: Праймериз талаптарын бұзғандар жазаланды

admin

Пікір қалдыру