5 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Білім/ғылым

ЖОО-да жаңа мамандық енгізілуі мүмкін

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында «Оқулық» орталығының директоры Ғани Бейсембаев айтты – деп хабарлайды Kazus.kz ақпараттық порталы Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғани Бейсембаев аппарат жиналысына қатысқан әріптестеріне бірнеше ұсыныс жасады.

Ең алдымен, оңтайлы болуы үшін әр мектеп кітапханасы қандай әдебиет алатындығы белгілі болуы үшін және оны кәсіби комиссияның бекіткен тізімін ұсынуды қолға алу, яғни осы тізімді бекіту. Бірінші кезекте қандай әдебиеттер болуы керек екенін мамандар айтқаны дүрыс. Сонымен қатар заманауи әдебиеттердің ішінде фантастикаға да назар аударғымыз келеді. Себебі балалардың қиялын, оның өмірге кұштарлығын арттыру маңызды, – дейді ол.

Ол ЖОО-да «Педагог кітапханашы» деген мамандық енгізуді ұсынды.

Мемлекет басшысының берген тапсырмаларында қазақ әдебиетіне де баса назар аударылды. Сондықтан қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасын қайта қарастырып, оқулықтарды қайта жазып шығуды қарастыру қажет. Сондай-ақ Әдебиет және өнер институтымен ақылдасып «Мектеп кітапханасы» деген үлкен жобаны ұсынғымыз келеді. Бұл мектептің 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін оқу бағдарламасына және оқулықтарына кіретін көркем әдебиеттердің тізімін ғана емес, сонымен қатар, сондай шығармаларды шығарып, мектепке ұсыну, – деп Ғани Бейсембаев өз ұсыныстарын жасады.

Ұқсас жаңалықтар

Мектептерде оқу аптасы ұзартылуы мүмкін

admin

Онлайн білім алу кезінде оқушыға үй тапсырмасы берілмейді

admin

Білім министрлігі шетелде оқитын қазақстандықтарға отандық ЖОО-ларға ауысуға көмектесуде

admin

Пікір қалдыру