10 C
Shymkent
Қыркүйек 23, 2020
Білім/ғылым

Жолдауға сәйкес жалақысы көтерілмейтін мұғалімдер бар ма?

KAZUS.KZ. ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы онлайн брифингте спикерлер журналистердің жалақысы көтерілмейтін мұғалімдер бар ма? деген сауалына жауап берді, – деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент педагогтардың жалақысын 2021 жылдан бастап 25%-ға көбейтуді тапсырды. Барлық мұғалімнің жалақысы көтеріле ме? Мектептерде жұмыс істегенімен жалақысы көтерілмейтін қызметкерлер бар ма? деген редакциямыздың сауалына министр былай деп жауап берді.

«Педагогтардың статусы» туралы Заңға сәйкес, педагогтар қатарына тек қана мектептің педагогтары жатпайды. Колледждің, балабақшада істейтін және де қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары кіреді. Сондықтан Мемлекет басшысының берген тапсырмасы бойынша барлық педагогке тиесілі болады,» – деді Асхат Аймағамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың  қыркүйегінен бастап мұғалімдердің дәптер тексергені және сынып жетекшілігі үшін алатын  үстемақылары 2 есеге ұлғайды. Сонымен қатар магистр дәрежесі бар педагогтардың жалақысына 27 мың теңге көлемінде жаңа үстемақы қосылды.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде қашықтан оқуға арнаулы тариф енгізіледі

admin

Магистратура: грант иегерлерінің тізімі жарияланды

admin

Қазақстанда мұғалімдердің құқығын қорғау кеңесі құрылады

admin

Пікір қалдыру