4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Басты жаңалық

Жигули Дайрабаев Орталық сайлау комиссиясында қазақ тілінен емтихан тапсырып жатыр

Президент сайлауына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ұсынылған Жигули Дайрабаев мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін Орталық сайлау комиссиясында емтихан тапсырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық сайлау комиссиясында кезектен тыс президент сайлауына үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша лингвистика комиссиясының кезекті отырысы өтіп жатыр. Бұл жолы комиссия мүшелері «Ауыл» партиясынан ұсынылған Жигули Дайрабаевтың қазақ тілін меңгеру деңгейін сарапқа салады.

Лингвистикалық емтихан барлық үш кезең бойынша өтеді: тақырыпқа сай жазбаша тапсырма орындау, мәтін оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында кемінде он бес минут сөз сөйлеу.

Еске салайық, бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Аманат» кәсіподақтар достастығынан ұсынылған Мейрам Қажыкеннің , халықтық коалициядан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатураларын талаптарға сай деп шешім қабылдаған болатын. Сондай-ақ Қ.Тоқаев лингвистика комиссиясында неліктен емтихан тапсырмайтынын түсіндірді.

Related posts

«Жаңа Қазақстанға» — жаңа партия

Admin

«ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодор» бірыңғай жол компаниясына біріктірілді

Admin

Тоқаев Ильхам Әлиевпен кездесті

Admin

Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады

Admin

Әйел екі жыл бұрын қайтыс болған күйеуінен бала көтерді

Admin

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Admin