-13 C
Shymkent
Ақпан 24, 2021
Қоғам

Желіде Әлия Назарбаевадан үй алу үшін қарызға ақша сұраған

Әлия Назарбаева

Елбасының қызы Әлия Назарбаева барлық адамдардың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын орындай алмайтындығын Instagram парақшасында жеткізді, деп хабарлайды KAZUS.KZ.

Маған күнделікті көптеген адам көмек сұрап жазады. Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді. Мен барлық адамның қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын орындай алмаймын. Өзім қоғамдық маңызы бар нәрселермен айналысамын, бизнес және қайырымдылық жобалары бар. Бірақ қайырымдылықты да қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз, – дейді Әлия Назарбаева.

Сондай-ақ, ол тұрғын үй мәселелерін шешпейтіндіктерін, жұмысқа орналастырмайтындығын және де мемлекеттік органдардың істеріне араласпайтындығын жеткізді.

Егер сіз ешкімнің өтінімінен бас тартпасаңыз, ол игілікті іспен айналысасыз дегенді білдірмейді. Кейде бас тарту – ол өзіңнің ниеттеріңе берік болу. Ал ниеттерім менің күрделі емес: экология және білім жолында еңбектену, – дейді Тұңғыш Президенттің кенже қызы.

Ұқсас жаңалықтар

Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы «таксовать» етіп жүр

admin

«Ақша қайда кетіп жатыр?»: Елбасы халықтың көкейіндегі сауалға жауап берді

admin

Түркістан халықаралық деңгейдегі қалаға айналып келе жатыр

admin