-2 C
Shymkent
Қазан 28, 2020
Оқыс-оқиға

Жексенбі түнінде 8 адамның денесі паршаланды

Жексенбі түнінде 8 адамның денесі паршаланды, – деп хабарлайды KAZUS.KZ. ақпараттық порталы.

Жексенбі түнінде орын алған жол апаты 22 көліктің қақтығысуымен орын алған. 5 мотоцикл, 16 автомобиль, оның ішінде бір полиция көлігі және жүк көлігі бір-біріне соқтығысқан. Апаттың жойқын болғаны соншалықты адамдардың дене мүшелері, сондай-ақ ішкі органдары жол бойында шашылып қалған. 7 адам оқиға орнында жан тәсілім етеді. Бір адам ауыр халде ауруханада көз жұмады. Оған қоса 23 адам зардап шекті.
Әлеуметтік желілерде оқиға Алматы қаласы базар маңында болды, әрі апатқа қатысы бар деп бай бағланның баласы деп көрсетілді. Видеоны facebook парақшасына салып бөліскен (https://www.facebook.com/marissabellmr) Марина Рузматова есімді әлеуметтік желі қолданушысы болып шықты.
Артынша Алматы қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты – фейк деп атады. Мәлімдемеге сәйкес, апат Алматы қаласында орын алмаған. Дегенмен оқиғаны бөліскен Алматы қаласының тұрғыны мұның болған оқиға екенін, әрі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді абай болуға шақырды.
Сұмдық жол апаты 2 тамыз күні Бразилияның оңтүстігіндегі Сан-Жозе-дус-Пиньяйста орын алған. Бұл туралы G1 порталы жариялайды. Болжам бойынша оқиға бірнеше көліктің қақтығысуынан орын алған. Жүк көлігі апатты тежемекші болғанмен, тағы 4 көліктің соқтысуын тудырған.

Ұқсас жаңалықтар

Малшы 67 қой ұрлау үшін сұмдық өтірік ойлап тапты

admin

Шымкентте салынып жатқан әуежай терминалында өрт шықты

admin

Шымкентте ер адам жалған алкоголь өнімін сатқан

admin

Пікір қалдыру