25.8 C
Нью-Йорк
18.08.2022
Басты жаңалық

Жаңа облыстардан сенаторлар қашан сайланатыны белгілі болды

Мемлекет басшысы Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы Жарлығын жариялады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 50-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 129-бабына жəне «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалсын.

2. Дауыс берудi өткiзу, сайлау қорытындыларын белгілеу жəне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 129-бабына сəйкес жүзеге асырылатын болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының əкімдері Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жəне қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын, – делінген құжатта.

Related posts

ЖОО түлектерін еңбекпен қамту жөніндегі комиссия формальды түрде жұмыс істейді – БҒМ

Admin

Абай облысының орталығы Семей қаласы атанды

Admin

Тоқаев: АЭС салынатын орынды айқындадық

Admin

Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды

Admin

Қазақстан темір жолы 2 триллион теңгеге шығынға батқан

Admin

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Admin