6 C
Shymkent
Қазан 26, 2020
Білім/ғылым

Жаңа бастама жүйесіздікке әкелмей ме?

Мой доктор

15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында емханаларды еркін таңдау бойынша кампания жүргізіледі, – деп хабарлайды Kazus.kz ақпараттық порталы.

Шымкент қаласы әкімдігі ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен баспасөз жиынында Денсаулық сақтау министрлігінің 281 бұйрығына сәйкес, 15 қыркүйектен бастап 2 ай көлемінде азаматтарға өздері қалаған медициналық мекеме мен дәрігерді таңдау құқығы берілетіні айтылды. Жалпы Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медицина сақтандыру бойынша қызмет көрсететін 107 мекеме бар. Оның 32-сі мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік медициналық мекемелер.

36 мекеме (14 мемлекеттік, 22 жекеменшік) тіркеу кампаниясын жүргізеді. Енді азаматтар өздерінің тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орнына ыңғайлы медициналық мекемеге тіркелу мүмкіндігіне ие.

Тіркеу электронды кілтпен egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Ал балалар мен зейнеткерлер тіркелу үшін Халықа қызмет көрсету орталықтарына баруы тиіс. Бұған дейін тіркелу мекеме бас дәрігерінің атына өтініш жазу арқылы жүзеге асатын.

Дегенмен жиын барысында медициналық мекемелерге тіркелу бойынша жүйесіздік орын алу мүмкіндігі жайында айтылған жоқ. Яғни электронды кілт алу мен Халыққа қызмет көрсету орталығына барып тіркелу, карантин кезінде қаншалықты жүйеге сай жүзеге асатыны беймәлім.

Айта кету керек, бұған дейін емханалардың жолдаманы бір ғана мекемеге беретіні және ондағы жүйенің карантин талаптарын өрескел бұзып жатқаны жайында жазған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Маскасыз суретке түскен Асхат Аймағамбетовке тиісті шара қабылданады

admin

Оқушылардың каникулға шығатын күндері белгілі болды

admin

Магистратура: грант иегерлерінің тізімі жарияланды

admin

Пікір қалдыру