5.4 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Қоғам

Жатақхана тапшылығы мәселесі қалай шешіледі – Ғылым министрі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттерге жатақхана тапшылығы қалай шешілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жатақхана мәселесі расында бар, бұл бір күн емес, бір жыл емес, ондаған жылдар бойы қордаланған мәселе. Әсіресе Алматы қаласында өте өзекті болып отыр, себебі онда 36 жоғары оқу орны бар, еліміздің барлық студенттерінің үштен бірі Алматыда, олардың 70%-ы басқа қалалардан келгендер. Біз қазір Алматы қаласы бойынша үлкен іс-шаралар кешенін жүргізіп жатырмыз, жатақханалар құрылысына жеке капиталды тарту, академиялық инфрақұрылымды кеңейту үшін инвесторлармен кездестік. Алматыда жеке штаб құрылды, қиын жағдайға тап болған студенттерді уақытша орналастырамыз, оларға баспана іздейміз», — деп жауап берді министр Орталық коммуникациялар қызметінде журналистің сұрағына.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта қиын жағдайға тап болған 130 студентке көмек көрсетілді.

«Мәселені толық шешу үшін бөлек жүйелі шаралар қажет. Сондықтан Жолдауда берілген тапсырмаларға сәйкес, келесі жылдан бастап университеттерге қатаң талаптар қоямыз. Егер университет жаңа мамандық ашқысы келсе, осы жаңа мамандық бойынша студенттерді тартқысы келсе немесе жаңа университет ашылса, жатақханалармен 100% қамтамасыз ету жөнінде қатаң талап қойылады. Айталық, ЖОО жаңа мамандыққа 100 студентті тартқысы келсе, 100 төсек-орынмен қамтамасыз етуі қажет.

Әрі қарай жатақхана мәселесі қаланы дамыту аясында қолға алынбақ, оны әкімдіктен нақтылау қажет. Шынында да, Сүлеймен Демирель секілді бірнеше жекеменшік университет өздерінің кампустарын қала сыртына шығарып жатыр, жаңадан құрылған Жетісу облысында да Алматыдан талапкерлердің бір бөлігін тарту үшін университет инфрақұрылымын дамыту бойынша үлкен бағдарлама жоспарлануда», — деді Саясат Нұрбек.

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі өз балаларының қайда білім алып жатқаны туралы журналистер сұрағына жауап берген еді.

Сонымен бірге, 2500 қазақстандық студент Ресей мен Украинадан отандық ЖОО-ларға ауысқан.

Фото: gadgetshelp.com

Related posts

Пияз бағасы шарықтады: Көкөністің бұл түрі де қат өнімге айнала ма

Admin

Жолда түкірген көлік жүргізішісі жазаланды

Admin

Жол ережелерін бұзғандарды анықтау жеңілдеді – ІІМ

Admin

Министр: «Масс-медиа туралы» заң журналист мәртебесін көтереді

Admin

Келестегі келеңсіздік

Admin

200 мыңдай жұмысшының жалақысын көтеру көзделіп отыр – Тоғжанов

Admin