4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Көзқарас

Жас жазушы комикс жазудың маңызын түсіндірді

Жас жазушы Садық Шерімбек еліміздегі комикс жазуды көптеп қолға алу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, комикс — өскелең ұрпақ пен жастардың ойын қалыптастыратын, олардың ойлауын жүйелейтін контент түрі.

АҚШ көптеген ұлттардан құралғаны белгілі. Алайда өткен ғасырда оларды біріктіретін тарихи қаһармандары болған жоқ. Сол себепті АҚШ өз еліне комикстер арқылы жаңа қаһарман кейіпкерлер жасап шығарды. Қарап отырсаңыздар, олардың суперқаһармандары Американың бір штатын не руын қорғамайды, әлемді құтқарады. Мұны оқып, қалыптасқан буын қазіргі АҚШ-тың негізін қалап отыр. Сондықтан бұл саланың Қазақстанға келуі және жастардың арасында қызғушылықтың пайда болғанын көре тұрып, оны жай ғана кілемнің астында қалдыруға болмайды деп ойлаймын. Қолдау әркез маңызды, — деді Садық Шерімбек орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте. 

Сонымен қатар Садық Шерімбек өзінің қазылар алқасының құрамында атап өтті.

Комикс жазып жатқан жас мамандар аз емес. «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы оларға қосымша мотивация болмақ, — деді жазушы.

Related posts

Елдің тұрақтылығы халықтың әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты – сарапшы

Admin

Балалардың мүддесі кез келген жеке мүддеден жоғары тұруы керек – министр

Admin

Конституциялық өзгерістер 2-3 жылда нәтиже береді – Еркін Әбіл

Admin

Асқар Мамин түрмеде отыруы тиіс

Admin

Бүгін еліміз үшін тарихи күн – Жәмилә Серкебаева

Admin

Барлық бастама мен реформа міндетті түрде жүзеге асырылатынына сенімдімін – Ершов

Admin