25.8 C
Нью-Йорк
18.08.2022
Қоғам

Ескі көліктерді ең көп мінетін өңірлердің аты аталды

Биылғы маусым айындағы мәлімет бойынша, елімізде 4 млн 350,5 мың көлік бар, хабарлайды КазАқпрат.

Оның 87,7 пайызы жеңіл теміртұлпар болса, ауыр жүк көліктерінің үлесі – 10,4 пайыз. Ал Қазақстандағы автобустар – 1,9 пайыз. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі. Бюро ақпаратына сәйкес, елімізде бензинмен жүретін көліктер — 87,8 пайыз. Дизельмен қозғалатын темір тұлпарлардың үлесі — 1,9 пайыз. Ал аралас отын арқылы жүретін автокөліктер 8 пайыз құрайды.

Ел территориясында тіркелген көліктердің басым бөлігі 20 жылдан астам қолданыстағы теміртұлпарлар. Яғни, бүгінде қазақстандықтардың 50,4 пайызы ескі көлік мінеді. Ескі автокөліктер көбіне Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстанда тіркелген. Ал жаңа көліктердің (шығарылған уақыты 3 жылдан аспайтын көліктер) үлесі — 7,4 пайыз.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, көпшілік су жаңа темір тұлпарлардың иелері Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласының тұрғындары. Еске сала кетейік, бұған дейін шетелден көлік тасушылар тауар бағасын 53 млн долларға кемітіп көрсеткенін жазған болатынбыз.

Related posts

Қазақстандықтардың миллиардтаған қарызы коллекторларға берілген

Admin

Арнайы мониторинг тобы Сайрамда

Admin

Қазақстандық паспортта чип жасырылған. ІІМ жауап берді

Admin

Тоқаев: Президент болып екі мерзімнен артық отырмаймын, Конституцияны қолдан өзгерту болмайды

Admin

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркістан қаласына барды

Admin

Жақында 152 вагон қант өңірлерге жеткізіледі – АШМ

Admin