4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Басты жаңалық

Ел президенттігіне үміткерлерді ұсыну басталды

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, республикалық бірлестіктер өз кандидатын 11 қазан кешкі сағат 18:00-ге дейін таныстыру керек, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ол үшін бірлестік отырысы кезінде толтырылған хаттама, кандидаттың келісімі және жарнаны төлеу туралы құжаттар дайын болуға тиіс. 5 күн аралығында комиссия өз шешімін шығарып, үміткерді тіркейді. Айта кетерлігі, әр үміткер өзін ұсынған ұйым мүшелерінің кем дегенде 1% дауысын жинау керек.

Бұл тізімге ел өңірлерінің үштен екі бөлігі, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда өкілдері кіруі тиіс. Яғни кем дегенде 118 273 адамның қолын жинағандар үміткер бола алады. Тіркелгендер кез келген уақытта өз кандидатурасын алып тастауға құқылы. Тек сайлауға екі күн қалғанға дейін үлгерген абзал. Ол үшін Орталық сайлау комиссиясына өтініш жазу жеткілікті.

Related posts

«Самұрық-Қазына» басшыларының барлық шығыны тексеріледі

Admin

Прокурор бұрынғы министр Біртановты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Admin

Тексеріс басталды

Admin

Тоқаев тұрақтандыру қорларының қызметін сынап тастады

Admin

Қазақстанда орташа және базалық зейнетақы мөлшері өсті

Admin

Тоқаев Ұлыбритания елшілігіне барып, II Елизавета қазасына байланысты көңіл айтты

Admin