5.4 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Өңір Экономика

Елімізде 12 мыңнан астам адам жеңілдетілген несиемен көлік алды — Скляр

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтты, деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған Ulysmedia.kz. 

«Біз мөлшерлемені 50%-ға төмендеттік, ӨКМ (өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері) қаражаты түсіп тұрады. Бұл ақша экологиялық іс-шараларға да, осындай бағдарламаларға да жұмсалады. Мен қазір айтқан бағдарламалар экологияны жақсартады. Біз бизнес пен азаматтарымызға автокөлікті жаңартуға да, экологияны жақсартуға да көмектесеміз», — деді Роман Скляр Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Вице-Премьер жеңілдікпен автонесиелендіруді қосымша қаржыландыру мүмкіндігі болса, міндетті түрде пайдаланатынын айтты.

«Бағдарлама халық арасында өте танымал. Жеңілдетілген автонесиелеуге 100 млрд теңге бөлінген, бағдарламаны 12 мыңнан астам тұрғын пайдаланды», — деді Роман Скляр.

Related posts

Қазақстан Президенті Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Admin

Еліміздегі ақбөкен саны — 1 318 000

Admin

ЕАЭО елдері есеп айырысуды және баға белгілеуді ұлттық валютада жүргізуі керек — ЕЭК басшысы

Admin

Ресей мен Беларусьқа экспорттауға тыйым салынған тауарлардың нұсқаулығы шықты

Admin

Алматыдағы Алтын Орда базарынан тағы да шу шықты

Admin

АЛМАТЫДА АВТОМОБИЛЬ ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ

Admin