4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Медицина

Елімізде невролог дәрігерлер тапшы — депутат

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Ғалымжан Елеуов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы іске асырылуда. Ол ауылдық және қалалық денсаулық сақтау арасындағы алшақтықты қысқартуға бағытталған. Осы жоба аясында барлық ауылдық елді мекендерді медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарлануда. Өкінішке қарай, елімізде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысымен ауыратын емделушілердің саны жыл сайын артып келеді. Бұны емдеудің консервативті әдістері — амбулаториялық бағдарламалық гемодиализ және перитонеальді диализ, радикалды әдіс — бүйрек трансплантациясы, — деді Ғалымжан Елеуов.

Депутаттың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 8 687 адам амбулаториялық гемодиализ алады.

Айта кету керек, гемодиализ процедураларын жүргізу негізінен облыстық маңызы бар қалалардағы гемодиализ орталықтарымен қамтамасыз етіледі. Көбінесе созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысымен ауыратын ауыл тұрғынының гемодиализ процедураларын алу үшін қалаға көшуге мүмкіндігі жоқ, оны күн сайын, өмір бойы алу керек! Емделушілердің аудандардан облыс орталықтарына гемодиализге баруы проблемалы екені жасырын емес. Өйткені бұл елеулі қаржылық шығындар мен әлеуметтік жағдайдың нашарлауына әкеледі, — деді ол.

Сонымен қатар Елеуов невролог дәрігерлердің тапшы екенін  атап өтті.

Related posts

Қазақстанда жұлын бұлшықет атрофиясына шалдыққан балаларға арналған дәрі-дәрмек тегін беріледі

Admin

Смайылов «медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 420 мың теңге» екенін мәлім етті

Admin

Коронавирустық пандемия әлі аяқталған жоқ – ДДСҰ

Admin

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 500 млн адамнан асты

Admin

Былтыр МӘМС бойынша көрсетілген стоматологиялық қызметтер саны 50%-ға өскен

Admin

Нью-Йоркте маймыл шешегіне қарсы жаппай вакциналау пункттері ашылды

Admin