-13 C
Shymkent
Ақпан 24, 2021
Білім/ғылым

Елордада 2021 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға арналған мамандықтар тізімі бекітілді

кәсіптік білім

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін тиісті мамандықтар тізбесі мен орындарды бөлу бекітілді, деп хабарлайды KAZUS.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бекітілген тізімде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жүргізілетін 14 мамандық бар. Барлығы 200 орын бөлінді. Сонымен, курстар аясында
аспазшы (жалпы профиль) – 30 орын,
наубайшы (жалпы профиль) – 15 орын,
тігінші (оператор тігінші) – 30 орын,
тігінші – 40 орын,
шаштараз – 25 орын,
кондитер – 15 орын,
бақылаушы-кассир – 10 орын,
тәрбиеші көмекшісі – 2 орын,
тәрбиеші – 8 орын,
SMM менеджері – 5 орын,
дәнекерлеуші – 5 орын,
слесарь-сантехник – 5 орын,
кран машинисі – 5 орын,
техник электрик – 5 орын.

Ал SMM менеджері мамандығы бойынша оқыту 2 ай, қалғаны үшін – 3 ай.

Білім беру ұйымдарында 2021 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту дуальді оқыту элементтерімен жүргізіледі.

Бағдарламаға халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер қатыса алады.

Қатысушылар мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі, оқу кезеңінде 21 787 теңге мөлшерінде стипендия және медициналық тексеруден өту үшін 5 556 теңге (2 АЕК) мөлшерінде материалдық көмек төленеді.

Кәсіби оқыту мәселелері бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7 705 329 69 63; +7 775 753 43 91 / 8 (7172) 954424.

Ұқсас жаңалықтар

«Қоғам білуі тиіс» – Білім және ғылым министрлігі мәлімдеме жасады

admin

Білім саласында ірі өзгерістер орын алмақ

admin

Елімізде қашықтан оқуға арнаулы тариф енгізіледі

admin